Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан әуежайларына заманауи биометриялық технологиялар енгізіледі

Қазақстан әуежайларына заманауи биометриялық технологиялар енгізіледі

Көлік министрлігі мен SITA компаниясы әуежайларды цифрландыру және биометриялық технологияларды енгізу мәселесін талқылады

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Астанада нда мемлекеттік әуежайларға жүргізілген аудит қорытындылары қаралып, азаматтық авиация саласын кешенді цифрландырудың алдағы кезеңдері талқыланды, деп хабарлайды QazMonitor ҚР көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен SITA компаниясы Қазақстандағы 14 мемлекеттік әуежайға аудит жүргізген болатын. Бағалау нәтижесіне сәйкес, елдегі әуежайлардың басым бөлігінде жолаушыларға қызмет көрсету және багажды өңдеудің негізгі жүйелерімен жарақтандыру деңгейі жеткіліксіз. Орташа көрсеткіш 38%-ды құрайды. Соның салдарынан көптеген технологиялық үдерістер әлі күнге дейін қолмен атқарылады.

Кездесу барысында әуежайларды заманауи цифрлық жүйелермен жабдықтау мәселелері қаралды. Атап айтқанда, жолаушыларды тіркеу, багажды өңдеу және есепке алу үдерістерін автоматтандыру, жолаушылар ағынын басқару, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, ұшу алдындағы рәсімдерден өту уақытын қысқарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін биометриялық технологияларды енгізу жоспарлары талқыланды.

Тараптар сондай-ақ Астанада әуежайлардың цифрлық жүйелерін орталықтандырылған басқару орталығын құру мәселесіне ерекше назар аударды. Жаңа орталық негізгі үдерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға, үйлестіруге және жедел басқаруға мүмкіндік береді.

Кездесуде Зайсан, Кендірлі және Катонқарағайда салынып жатқан жаңа әуежайларды заманауи цифрлық шешімдермен жабдықтау мәселесі де қарастырылды. SITA компаниясының қатысуымен бұл әуежайларда халықаралық стандарттарға сай жолаушыларды тіркеу, багажды өңдеу, жолаушылар ағынын басқару, биометриялық сәйкестендіру жүйелері және басқа да цифрлық сервистерді енгізу мүмкіндігі талқыланды.

Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстанның авиация саласын цифрландыру, авиациялық қауіпсіздікті күшейту және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екенін растады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.