Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қарағанды қаласының аумағы кеңейеді

Қарағанды қаласының аумағы кеңейеді

Қала құрамына Бұқар жырау ауданынан 281 гектар жер қосылады

QazMonitor Logo
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қарағанды қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы шешімді мақұлдады. Соған сәйкес облыс орталығының құрамына Бұқар жырау ауданынан жалпы аумағы 281 гектар жер учаскесі қосылады, деп хабарлайды QazMonitor.

Көкпекті стансасының (бұрынғы Солонички) тұрғындары елді мекенді толықтай Қарағанды қаласының қарамағына беруді көптен бері сұрап келген. Бұған дейін тұрғын үйлер Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданына қараса, қалған жер аумағы Бұқар жырау ауданының құрамында болған. Көкпекті стансасында 500 адам тұрады, 120 аула мен мектеп бар.

Қала аумағын кеңейту Қарағандының одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасап, аумақты тиімді жоспарлауға және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Әкімшілік шекараның өзгеруі қалалық ортаны кешенді дамытуға, жаңа нысандар салуға, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі жетілдіруге жол ашады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.