Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Абай облысында Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелі салынады

Абай облысында Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелі салынады

Бақтыдағы құрғақ порттың алғашқы кезеңіне 210 млн доллар инвестиция салынады

QazMonitor Logo
Фото: Абай облысының әкімдігі
Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысының Мақаншы ауданындағы Бақты ауылында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің іргетасы қаланды, деп хабарлайды QazMonitor.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы Достық және Қорғас өткелдерінен кейінгі үшінші теміржол шекара өткелі болмақ. Жаңа логистикалық хабтың іске қосылуы шекараның өткізу қабілетін жылына қосымша 20–25 млн тоннаға арттырып, қолданыстағы өткелдердің жүктемесін азайтады.

Құрғақ порттың жобалық қуаты – жылына 1 млн контейнер. Ал 2032 жылға қарай жылына 700 мың контейнер өңдеу жоспарланып отыр.

Жобаның бірінші кезеңінде 210 млн АҚШ доллары көлемінде жеке инвестиция тартылып, 200 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс кезінде 800–1200 адам жұмыспен қамтылады, ал кешен толық іске қосылғаннан кейін 500–1000 тұрақты жұмыс орны құрылып, сервистік қызметтердің дамуы есебінен тағы 1500–2000 адам жұмысқа орналасады.

Кешен құрамында контейнерлік және астық терминалдары, қоймалар, кедендік және логистикалық инфрақұрылым, автотерминал, сервистік нысандар мен 200 орындық қонақүй салынады.

Жобаны 2026–2028 жылдары жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда Бақты ауылдық округінен 150 гектар жер телімі бөлініп, жобалау және дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі Берік Уәли бұл жоба өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, жаңа инвестициялар тартуға, экспорт көлемін ұлғайтуға және шекара маңындағы аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін айтты.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.