Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада жүлде қоры $ 4,65 млн құрайтын «Болашақ ойындары 2026» басталады

Астанада жүлде қоры $ 4,65 млн құрайтын «Болашақ ойындары 2026» басталады

Турнирге сегіз дисциплина бойынша жетекші халықаралық клубтар мен командалар қатысады

QazMonitor Logo
Yan Krukau / pexels
Yan Krukau / pexels

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада алғаш рет киберспорт, дәстүрлі спорт түрлері мен заманауи технологияларды біріктіретін халықаралық турнир өтеді. Елорданың төрт ірі спорт нысандарында сегіз дисциплина бойынша жарыстар өтіп, жалпы жүлде қоры 4,65 миллион АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды QazMonitor Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаевтың сөзінше, бұл жарыс еліміздегі фиджитал спорт пен киберспорттың дамуына жаңа серпін береді.

«Бүгінгі жас буын үшін цифрлық технологиялар – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі. Ал фиджитал формат осы технологияларды дене белсенділігімен және спорттық бәсекемен ұштастырады», - деді вице-министр.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) Powered by Samruk-Kazyna жарысының негізгі ерекшелігі - клубтық формата өтеді. Дәстүрлі халықаралық турнирлерден айырмашылығы, ұлттық құрамалардың қатысуы қарастырылмаған. Әр түрлі ұлттардың спортшылары бір клубтың құрамында өнер көрсете алады. Фиджитал дисциплиналарда командалар алдымен виртуалды аренада кездеседі, содан кейін футбол алаңында, баскетбол паркетінде немесе шаршыалаңда жарысты жалғастырады.

Phygital International-дің бас директоры Дэн Меркли атап өткендей, бұл формат қазіргі спортта болып жатқан өзгерістерді көрсетеді.

«Болашақ ойындары» — халықаралық спорттық іс-шарадан әлдеқайда ауқымды жоба. Оның негізінде дене белсенділігі мен бәсекеге қабілетті ойынды бір спорттық дисциплина аясында біріктіретін жаңа спорт моделі жатыр. Жаһандық фиджитал қозғалысының шыңы бола отырып, «Болашақ ойындары» спортшылар мен жанкүйерлердің келесі буынына спорттың қалай дамып, жаңа сипат алып келе жатқанын көрсетеді», – деді Дэн Меркли.

Бүгінде фиджитал спорт әлемнің 115-тен астам елінде дамып, спортшыларды, клубтарды, мемлекеттік құрылымдарды, технологиялық серіктестер мен спорт ұйымдарын біріктіріп отыр.

Турнирге барлық сегіз дисциплина бойынша жетекші халықаралық клубтар мен командалар қатысады. Олардың қатарында Team Spirit, T1, Team Falcons, Xtreme Gaming, Vici Gaming, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu, Twisted Minds, Bigetron by Vitality және әлемдік спорт пен киберспорт сахнасындағы басқа да танымал командалар бар. Барлық сегіз дисциплина бойынша халықаралық көшбасшылармен қатар Қазақстан өкілдері де бақ сынайды. Турнирге еліміздің атынан 11 команда мен жекелеген спортшылар қатысады. Атап айтқанда, Phygital Football UFL presented by Samruk-Kazyna сайысында ACF x Allur және UEL Team, Phygital Basketball presented by Halyk Fund бәсекесінде PBC Astana және GTB KZ командалары өнер көрсетеді. Ал Phygital Fighting presented by Kazzinc сайысында Қазақстан намысын Future Nomads командасы қорғайды.

Айта кетейік, барлық жарыс алаңдарында ұйымдастыру жұмыстарына 800 ерікті жұмылдырылды. Еріктілер бағдарламасына қатысу үшін 1400-ден астам өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша 900-ден 1000-ға дейін үміткерден тұратын пул жасақталып, оның 800-і негізгі құрамға енді. Қалған үміткерлер резервке енгізілді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.