Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Шарын паркінде сирек кездесетін тазқараның ұясы бақылауға алынды

Шарын паркінде сирек кездесетін тазқараның ұясы бақылауға алынды

Мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау жұмыстары барысында Қызыл кітапқа енген жыртқыш құстың ұясын тіркеді

QazMonitor Logo
Фото: ҚР Экология және табиғи ресуртар министрлігі
Фото: ҚР Экология және табиғи ресуртар министрлігі

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде табиғатты қорғау іс-шаралары кезінде сирек кездесетін жыртқыш құс – тазқараның (Aegypius monachus) ұясындағы балапан бейнекадрға түсіп қалды, деп хабарлайды QazMonitor.

Тазқара – табиғаттағы санитар қызметін атқаратын, экожүйенің табиғи тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқаратын ірі жыртқыш құс. Ол негізінен таулы және жартасты өңірлерде ұя салып, әр маусымда көбіне бір ғана балапан өсіреді.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары сирек кездесетін жануарлар мен құстарға тұрақты мониторинг жүргізіп, олардың табиғи мекендеу ортасын қорғауға ерекше көңіл бөліп келеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.