Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада алаяқтардың қоңырауларын бұғаттайтын Anti Call-орталығы іске қосылды

Астанада алаяқтардың қоңырауларын бұғаттайтын Anti Call-орталығы іске қосылды

Астанада алаяқтық қылмыстардың жалпы саны 3,5 пайызға, ал интернет-алаяқтық деректері 12 пайызға азайған

QazMonitor Logo
Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласының прокуратурасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, Қазақстандағы алғашқы алаяқтық қоңырауларды бұғаттайтын Anti Call-орталығын іске қосты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның басты мақсаты – интернет арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу. Астана қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Нұрислам Балтабековтың айтуынша, орталық Қазақстан аумағынан да, шетелден де келіп түсетін күмәнді қоңырауларды анықтап, бұғаттайды. Anti Call-орталығының операторлары кибералаяқтарды әңгімеге тартып, олардың уақытын алады және әлеуетті құрбандарына хабарласуына кедергі келтіреді.

«Қоңыраулардың трафигі тұрақты түрде талданады: олардың қайдан келгені, кімге бағытталғаны зерттеледі. Егер бір жерден ұзақ уақыт бойы немесе тым көп қоңырау шалынғаны анықталса, бұл алаяқтық әрекеттің белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оператор алаяқпен сөйлесуді бастайды. Ол неғұрлым көп уақыт жоғалтса, азаматтар соғұрлым қауіпсіз болады. Ұзақ сөйлесу шығыны алаяқтың өзіне түседі, ал бұл уақытта киберполиция қоңырау түсіп жатқан азаматтарға олардың деректері қылмыскерлердің қолына түскені туралы ескертуге тырысады. Біздің тәжірибеде осы орталықтың көмегімен банк алдында тұрған азаматтың атына ірі несие рәсімдеудің алдын алған жағдай да болды», – деді ол.

Оның мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда Астанада алаяқтық қылмыстардың жалпы саны 3,5 пайызға, ал интернет-алаяқтық деректері 12 пайызға азайған.

Сондай-ақ өткен жылы елордада екі қылмыстық Call-орталықтың қызметі тоқтатылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.