Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Магистратураға тапсырған 67 адамның нәтижесі жойылды

Магистратураға тапсырған 67 адамның нәтижесі жойылды

Министрлік магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық қорытындыларын жариялады

QazMonitor Logo
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Тестілеу басталғалы 43 мыңнан аса адам магистратураға түсу үшін КТ тапсырған. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 44%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 75 балл, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды. Ең жоғары балл – 138 болды, деп хабарлайды QazMonitor Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, тестілеу басталғалы 67 түсушінің нәтижесі жойылды.

«Оның ішінде 49 түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 18 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды», делінген ақпаратта.

Сонымен қатар тТестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляция беруге болатынын еске салды. Тестіленуші емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция 7 жұмыс күні ішінде қарастырылады, одан соң сертификат түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.

Естеріңізге сала кетсек, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Магистратурада оқуға 11 мыңға жуық грант бөлінді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.