Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда тағы 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылды

Қазақстанда тағы 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылды

Оларға тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, қауіпті пранктер ұйымдастырды деген айып тағылды

QazMonitor Logo
Artem Podrez / pexels
Artem Podrez / pexels

Қазақстанда әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контент тағы 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды QazMonitor Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, көп қаралым, лайк және донат жинауды көздеген олар тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтарды қорлаған.

«Мұндай контенттің күн сайын кең аудиторияға, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға қолжетімді болуы ерекше алаңдаушылық туғызады», деді министрлікте.

ІІМ мәліметінше, Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер қолданған. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан. Бұған дейін де осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған ол бұл жолы әкімшілік айыппұл алды.

Павлодар қаласында 26 жастағы тұрғыны көлік тізгінінде отырып тікелей эфир жүргізген, балағат сөздер айтып, қауіпсіздік белдігін тақпаған. Соттың шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Түркістан қаласында «bayan_kyz», «fatima.sh0000» және «fatima_s003» никнеймдерімен танымал азамат жауапкершілікке тартылды. Ол тікелей эфирлерде бейәдеп сөздер айтып, агрессивті мінез-құлық көрсеткен. Сот оған әкімшілік айыппұл тағайындады.

ІІМ заң талаптары шынайы өмірде де, интернет кеңістігінде де бәріне бірдей міндетті екенін есе салды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.