Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда 350-ден астам құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды

Алматыда 350-ден астам құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды

4 құрылыс компаниясы лицензиядан айырылды

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Алматыда құрылыс компанияларына бақылау күшейтілді: төрт компания лицензиясынан айырылды, тағы 350 компания лицензиясының қолданылуы тоқтатылды. Бұл туралы мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша төрт компания лицензиясынан айырылды, тағы 350 құрылыс компаниясының лицензиясының қолданылуы тоқтатылды. Сондай-ақ құрылыс қызметімен айналысатын 437 субъектіге қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың қызметіне ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, «SK BEST Spec Story KZ» ЖШС жобалау қызметінің І санаттағы мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар «Отау-Құрмет» ЖШС мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ЕҰ лицензияларынан айырылды. Ал «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС лицензиясының жекелеген қосалқы түрінің күші жойылды.

Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Алматыда өз біліктілігін дәлелдей алатын, белгіленген талаптарды сақтайтын және құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ететін компаниялар ғана жұмыс істей алатынын атап өтті.

Айта кету керек, былтыр Алматыда сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылған болатын. Олардың басым бөлігі әлеуметтік нысандардың құрылысын жүзеге асырған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.