Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады

Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады

Қапшағай су қоймасында алдағы 5 жыл бойы халықаралық «Формула-1 H2O» жарысы өткізіледі

QazMonitor Logo
Ljubisa Pokrajac / pexels
Ljubisa Pokrajac / pexels

Өңірде катерлер шығаратын зауыт салынып, су көліктерін басқаратын пилоттарды оқытатын академия ашылмақ. Сондай-ақ Формула-1 жарысында ел намысын қорғайтын ұлттық команда жасақталады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

H2O Racing компаниясы әлем бойынша су үстіндегі ең ауқымды жарысты Қонаевта ұйымдастыруды ұйғарған. Компания өкілі Раймондо ди Сан Джермано себебі қала су туризмімен кең танымал деп атап өтті. Ыстықкөлде өткен жарыста 2027 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанда өтетінін ресми түрде жарияланған.

«Алдағы уақытта біз пилоттарды даярлайтын академия ашып, су көліктерін басқаратын мамандарды оқытамыз. Сондай-ақ Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда осы спорт түрінің федерациясын дамыту бағытында жұмыс істейміз. Бұл жобалардың барлығы Қонаев қаласында жүзеге асады. Бұдан бөлек, Қазақстанда спорт катерлерін шығаратын зауыт ашуды да жоспарлап отырмыз. Ыстықкөлде болғанымызда Қырғызстанның өз командасы жоқ екенін көрдік. Алдағы 12 ай ішінде Қазақстанның толыққанды ұлттық құрамасын жасақтауға мүмкіндік бар», – деді.

Айта кетейік, «Formula-1 H2O» биыл Қырғызстандағы Ыстықкөл жағалауында өтті. Жарысты тамашалауға 6 елдің президенті арнайы барып қатысқан. Қапшағай көлінде өтетін жарысты әлем бойынша бір миллиардқа жуық адам тікелей трансляция арқылы тамашалайды деп жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.