Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда ТЖМ қызметкерлеріне арналған алғашқы демалыс орталығы ашылды

Қазақстанда ТЖМ қызметкерлеріне арналған алғашқы демалыс орталығы ашылды

«112 Resort Aktau» орталығының құрылысы ТЖМ әлеуметтік саясатының бір бөлігі, деп атап өтті ведомство

QazMonitor Logo
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне арналған «112 Resort Aktau» демалыс орталығы ашылды. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл – елдегі алғашқы ведомстволық демалыс орталығы,деп хабарлайды QazMonitor.

«Жобаны іске асыру аясында 45 заманауи капсулалық үй орнату көзделген. Бүгінде жайлы тұруға қажетті барлық жағдаймен толық жабдықталған алғашқы жеті капсулалық үй орнатылып, пайдалануға берілді. Әр капсулалық үй бір отбасының демалуына арналған және қажетті тұрмыстық техникамен әрі жабдықтармен толық қамтамасыз етілген», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Орталық аумағында бақылау-өткізу пункті, әкімшілік ғимарат, мейрамхана мен кафе, балалар ойын алаңы, екі субұрқақ, теңіз суы үздіксіз айналып тұратын бассейн және балалар бассейні, пирс, барбекю аймағы орналасқан.

«112 Resort Aktau» демалыс орталығын құру ТЖМ-нің әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, жеке құрамға әлеуметтік қолдауды күшейтуге, сондай-ақ ТЖМ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің лайықты демалып, күш жинауына жағдай жасауға бағытталған әлеуметтік саясатының бір бөлігі», – деп атап өтті ТЖМ.

Орталықтың алғашқы қонақтары нысанның құрылысы мен абаттандыру жұмыстарына тікелей қатысқан құтқарушылар, өрт сөндірушілер және олардың отбасы мүшелері болады. Оларға демалуға сертификаттар табысталды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.