Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Отбасы банкі жыл соңына дейін 8,8 мыңнан астам пәтер бөледі

Отбасы банкі жыл соңына дейін 8,8 мыңнан астам пәтер бөледі

1,5 жыл ішінде кезекте тұрған 40 мың отбасы тұрғын үй алған

QazMonitor Logo
Jakub Zerdzicki / pexels
Jakub Zerdzicki / pexels

Отбасы банкі процестерді цифрландыру есебінен кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу қарқынын үш есеге арттырды. Ұлттық даму институты мәртебесінде жұмыс істеген алғашқы жылы 23,5 мың отбасы пәтер кілтін алды. Бұл туралы Үкімет отырысында «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

«Жыл соңына дейін құны 130 млрд теңге болатын тағы 8812 кредиттік пәтерді бөлу жоспарлануда. Цифрландырудың арқасында біз жыл сайынғы тұрғын үйді бөлу қарқынын үш есеге арттырдық. Салыстыру үшін айтсам: бұрын әкімдіктер жылына 7 мыңға жуық пәтер бөлетін, ал бұл жұмыспен жалпы саны 700 қызметкер айналысатын еді. Отбасы банкінде мұны тек 20 маман ғана шешеді», — деді Ләззат Ибрагимова.

Барлығы 1,5 жыл ішінде Отбасы банкінің қолдауымен кезекте тұрған 40 мың отбасы тұрғын үй алды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.