Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қорытынды телевизиялық пікірсайысқа саяси партиялардың төрағалары қатысады

Қорытынды телевизиялық пікірсайысқа саяси партиялардың төрағалары қатысады

Соңғы телевизиялық пікірсайыс 19 тамызда өтеді

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor:   Қорытынды телевизиялық пікірсайысқа саяси партиялардың төрағалары қатысады

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында осы сайлау науқанындағы қорытынды телевизиялық пікірсайыстардың қалай өтетіні туралы айтылды, деп хабарлайды QazMonitor.

ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік Сайлау туралы конституциялық заңның 28-бабына сәйкес, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы екенін атап өтті.

«Пікірсайыстарды өткізудің негізгі қағидаттарының бірі - барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау. Оларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі қандай да бір саяси партияға немесе оның кандидаттарына артықшылық бермеуге тиіс. Сайлау алдындағы пікірсайысар сайлау заңнамасының талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі мен шарттарына сәйкес өткізіледі. Осыған байланысты сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу алаңын, форматы мен шарттарын айқындау бойынша қажетті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы бойынша қорытынды пікірсайыстарды өткізу алаңы ретінде «Хабар» агенттігі» АҚ-ның «24KZ» телеарнасы айқындалды», -деп хабарлады Ләззат Сүйіндік.

Отырыс барысында «24KZ» телеарнасын таңдау оның техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ақпаратты кең ауқымда тарату мүмкіндігіне байланысты екені атап өтілді. Бұл дебаттардың толыққанды телевизиялық трансляциясын қамтамасыз етіп, оны барынша көп сайлаушының көруіне мүмкіндік береді.

Бекітілген регламентке сәйкес, дебаттар 4 раундтан тұрады. Әр раундтың өз міндеті мен форматы бар. Атап айтқанда, олар: «Партияны таныстыру», «Оппоненттерге сұрақтар», «Көрермендерден сұрақтар», «Сайлаушыларға үндеу».

Бүгінгі таңда тіркелген 7 саяси партияның барлығы қорытынды теледебатқа өз төрағаларының қатысатынын растады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.