Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанадағы басты көшенің бірі уақытша жабылады

Астанадағы басты көшенің бірі уақытша жабылады

Ш. Айтматов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

QazMonitor Logo
Pexels
Pexels

Астанада Ш. Айтматов көшесінің Ұлы Дала даңғылынан Сығанақ көшесіне дейінгі аралығындағы төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 12-24 тамыз аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.