Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Ақжайық» резерваты аумағында 20 гектарлық тәлімбақ пайда болады

«Ақжайық» резерваты аумағында 20 гектарлық тәлімбақ пайда болады

Атырау облысын көгалдандыруға жеке инвестиция тартылады

QazMonitor Logo
Фото: Атырау облысы әкімдігі
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Жайық өзеніне таяу жерінен ағаш өсіретін тәлімбақ құру жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылмақ. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба аясында Еркінқала ауылында 20 гектарлық тәлімбақ салу көзделген. Бастаманы аралас модель бойынша қаржыландыру жоспарланып отыр: қаражаттың 60%-ын жеке инвестициялар, қалған 40%-ын серіктестер қаржысы құрайды.

Жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, өңірді көгалдандыруға зор үлес қоспақ.  

Биыл резерват аумағындағы бір гектар алқапқа сынақ ретінде түрлі өсімдік отырғызылмақ. Тәлімбақта жергілікті климатқа бейімделген ағаш түрлерін, соның ішінде үйеңкі, қарағаш және қарағай өсіру ұсынылып отыр.

Көшеттердің жақсы өсуі үшін топырақтың құнарлылығын арттыруға арналған заманауи технологиялар мен автоматтандырылған суару жүйесін қолданылмақ.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.