Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Енді иелері үй жануарларын жайдан-жай далаға тастай алмайды

Енді иелері үй жануарларын жайдан-жай далаға тастай алмайды

Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енді

QazMonitor Logo
Aynur Latfullin/Pexels
Aynur Latfullin/Pexels

Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен үй жануарларын ұстау мен серуендетудің үлгілік ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлады Қазақпарат.

Жаңа талаптарға сәйкес, иесі немесе жауапты тұлға үй жануарларын ары қарай ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оны орналастыру шараларын қарастыруы тиіс. Атап айтқанда, жануарды баспанаға, уақытша ұстау пунктіне немесе тиісті жағдай жасай алатын жеке әрі заңды тұлғаларға беруге болады.

Үй жануарын уақытша ұстау пунктіне өткізген кезде иесі немесе жауапты тұлға оның құқықтық мәртебі анықталғанға дейін күтіп-бағуға міндетті.

Бұл ретте, жануардан бас тартып, оны ары қарай ұстаудан бас тарту иесінің немесе жауапты тұлғаның міндеттерін тоқтатпайды. Бұл міндеттер жануарға басқа тұлғаның меншік құқығы пайда болғанша, ол баспанаға берілгенше немесе уақытша ұстау пунктіне тапсырылғаннан кейін құқықтық мәртебесі шешілгенге дейін сақталады.

Бұйрық 24 тамыздан бастап күшіне енеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.