Астанада 19-22 тамыз аралығында А. Кравцов көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен Ж. Ташенов көшесіне дейінгі бөлігінде жолдың жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды QazMonitor елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте екі бағыттағы қозғалыс жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, жолдағы ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында учаскеге уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.