Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ақтөбеде алғаш рет логопед мамандар даярланады

Ақтөбеде алғаш рет логопед мамандар даярланады

Жаңа білім беру бағдарламасына 125 талапкерден өтініш түскен

QazMonitor Logo
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мүмкіндіктер кеңейіп келеді. 2026-2027 оқу жылынан бастап Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі базасында алғаш рет 01130100 – «Логопедия» мамандығы бойынша мамандар даярлау басталады, деп хабарлайды QazMonitor.

Жаңа білім беру бағдарламасы білім беру жүйесі мен балаларды әлеуметтік қолдау саласында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған. Логопедтер балалардың сөйлеу, тіл және коммуникация бұзылыстарын ерте анықтап, түзету жұмыстарын жүргізіп, олардың толыққанды дамуына ықпал етеді.

Қазіргі таңда «Логопедия» мамандығына 125 талапкерден өтініш қабылданған. Конкурс қорытындысы бойынша 11-сынып базасындағы 75 талапкер және техникалық және кәсіптік білім беру базасындағы 25 талапкер мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім ала алады.

Білім беру бағдарламасы педагогика және психология негіздерін, инклюзивті білім беруді, логопедиялық зерттеу технологияларын, ауызша және жазбаша сөйлеуді түзету әдістерін, ауыр сөйлеу бұзылыстарымен жұмыс істеуді, сондай-ақ балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту тәсілдерін қамтиды.

Оқуды аяқтаған мамандар балабақшаларда, мектептерде, түзету кабинеттерінде, психологиялық-педагогикалық түзету және оңалту орталықтарында, сондай-ақ жеке логопед ретінде жұмыс істей алады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.