Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жаңартылатын энергетикада электр энергиясын өндіруді болжау цифрландырылады

Жаңартылатын энергетикада электр энергиясын өндіруді болжау цифрландырылады

Жасанды интеллект негізіндегі шешімді 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр

QazMonitor Logo
Фото: ҚР энергетика министрлігі
Фото: ҚР энергетика министрлігі

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңартылатын энергетика нысандарында электр энергиясын өндіруді жоспарлау үдерістерін цифрландыру жобасын жүзеге асырып жатыр. Жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларына негізделген шешімді 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды QazMonitor.

Жоба әсіресе жел электр станцияларында өндірілетін энергия көлемін дәл болжауға мүмкіндік береді. Себебі жел генерациясы метеорологиялық жағдайларға, оның ішінде құбылмалы әрі алдын ала болжау қиын жел жылдамдығына тікелей тәуелді.

Шешімнің негізін метеорологиялық қызметпен интеграцияланған жасанды интеллект моделі құрайды. Жүйе жел электр станцияларында электр энергиясын өндіру көлемін болжау үшін метеорологиялық деректерді кеңістіктік және уақыттық тұрғыдан барынша нақтылап өңдейді.

ЖИ моделін оқыту және бейімдеу кезінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) мен SCADA жүйелерінен алынған тарихи және жедел деректер пайдаланылады. Олардың қатарында электр энергиясын өндірудің нақты көрсеткіштері мен жабдықтардың жұмыс істеу параметрлері бар.

Бұл тәсіл нақты пайдалану жағдайларын ескеруге және электр энергиясын өндіру болжамының дәлдігін 80%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде операциялық жоспарлаудың тиімділігі артып, нақты өндірілген электр энергиясы көлемінің мәлімделген көрсеткіштен ауытқуынан туындайтын қаржылық шығындарды азайту көзделіп отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.