Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандықтарды Кореяға EPS жүйесі арқылы жұмысқа іріктеу тәртібі жарияланды

Қазақстандықтарды Кореяға EPS жүйесі арқылы жұмысқа іріктеу тәртібі жарияланды

Практикалық іріктеу Алматыда EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады

QazMonitor Logo
Фото: ҚР ЕХӘҚМ
Фото: ҚР ЕХӘҚМ

Қазақстан азаматтарын Корея Республикасында Employment Permit System (EPS) жүйесі арқылы жұмысқа орналастыруға арналған практикалық іріктеу Алматыда EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады, деп хабарлайды QazMonitor ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықта кандидаттар EPS-TOPIK арқылы корей тілінен тест тапсырып, кәсіби білімі мен дағдыларын көрсетеді. Іріктеу кезінде білімі, еңбек өтілі және кәсіби сертификаттары ескеріледі. Қатысуға 18-ден 39 жасқа дейінгі азаматтар жіберіледі. Кандидаттың сотталмаған, Кореядан депортацияланбаған және елге кіруге тыйымы болмауы, сондай-ақ Қазақстаннан шығуына шектеу қойылмауы тиіс.

Барлық кезеңнен сәтті өткендер жарамды төлқұжаты мен медициналық тексеруден өткеннен кейін ресми жұмыс іздеушілер тізіміне енгізіледі. Олардың жеке профилінде білімі, тәжірибесі, сертификаттары, тест нәтижелері және қалаған жұмыс жағдайлары көрсетіледі.

Алайда EPS-TOPIK тестінен өту және кандидаттар тізіміне ену автоматты түрде жұмысқа орналасуға кепілдік бермейді. Қызметкерді түпкілікті корейлік жұмыс беруші таңдайды. Қазақстан азаматтарын қабылдау саны Корея тарапы белгілейтін квотаға байланысты болады.

Жұмыс беруші кандидатты таңдағаннан кейін еңбек шартын ұсынады. Құжатқа қол қоймас бұрын қызметкерге еңбек жағдайлары, міндеттері мен жұмыс режимі түсіндіріледі. Одан кейін Алматыдағы EPS орталығында міндетті алдын ала дайындықтан өтіп, жұмыс визасын рәсімдеген соң Кореяға аттанады.

EPS жүйесі бойынша жұмыс мерзімі үш жылға дейін созылады. Заңнамада көзделген жағдайларда оны тағы бір жыл он айға дейін ұзартуға болады. Белгіленген мерзімді аяқтап, Қазақстанға ерікті түрде қайтқан жұмысшыларға Кореяға қайта бару үшін жеңілдікті жағдайлар қарастырылған.

Министрлік азаматтарға тек мемлекеттік органдар мен уәкілетті ұйымдардың ресми ақпаратын пайдалануды ескертеді. «Жұмысқа кепілдік береміз», «іріктеуден жедел өткіземіз» немесе «кандидаттар тізіміне кезексіз енгіземіз» деген жеке делдалдарға құжат пен ақша бермеу қажет.

Тіркеудің басталу мерзімі, құжат тапсыру тәртібі, EPS-TOPIK тестінің өткізілу уақыты және іріктеудің өзге де кезеңдері туралы ақпарат министрліктің ресми ресурстарында қосымша жарияланады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.