Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Майлин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
21 тамыз сағат 20:00-ден 24 тамыз сағат 08:00-ге дейін №9 үйден Тбилиси көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі. Жөндеу жұмыстары көшенің батыс бөлігінде жүргізіліп, қарама-қарсы бағытта реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қойылған жол белгілерінің талаптарын сақтап, бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.
Көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.