23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау күні Қазақстанның медициналық ұйымдарында 657 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 318 ұл және 339 қыз бала бар. Бұл туралы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Алматы қаласында – 60 бала, Түркістан облысында – 54, Шымкент қаласында – 51 бала тіркелді. Ел бойынша бір егіздер жұбы дүниеге келді.
Ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жүкті әйелдерді қауіпсіз бақылауды және босандыруды қамтамасыз етіп, ана мен жаңа туған нәрестелерге қажетті медициналық көмек көрсетеді.