Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жүктілік пен босануға байланысты төлемдерді енді мобильді қосымша арқылы рәсімдей алады

Жүктілік пен босануға байланысты төлемдерді енді мобильді қосымша арқылы рәсімдей алады

Елімізде әлеуметтік қолдау қызметтерін алу жеңілдей түспек

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Енді қазақстандық әйелдер жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемді үйден шықпай-ақ, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы рәсімдей алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін жүктілік пен босануға байланысты төлемді рәсімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) баруға, қажетті құжаттарды жинауға және өтініш беруге уақыт бөлуге тура келетін. Енді бұл қызметті онлайн алуға болады. Сонымен қатар өтінішті бұрынғыдай eGov.kz порталы арқылы электронды түрде беруге мүмкіндік бар.

Жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемді қашықтан рәсімдеу мүмкіндігі қазірдің өзінде толық іске қосылды. Жұмыс істейтін және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы әйелдер Kaspi.kz қосымшасындағы «Гид» бөлімінен өтініш беру тәртібі көрсетілген қадамдық нұсқаулықпен таныса алады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.