Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада Алаш тасжолының жөндеу жұмысының уақыты ұзартылды

Астанада Алаш тасжолының жөндеу жұмысының уақыты ұзартылды

Жөндеу жұмыстары 25 тамызда бітеді деп жоспарланған болатын

QazMonitor Logo
Pexels
Pexels

Астанада Алаш тасжолының жөндеу жұмысының уақыты ауа райына және өндірістік қажеттілікке байланысты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, Астанада Алаш тасжолында салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабындысын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмыс учаскесінің ұзындығы – 400 метр.

Бұл ретте көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.