Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Семей медицина университетінің студенттері Тәжікстанда ЖИ-жобаларын таныстырды

Семей медицина университетінің студенттері Тәжікстанда ЖИ-жобаларын таныстырды

Қазақстан медицинасы күндері аясында заманауи медициналық технологияларға арналған мастер-кластар өтті

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor: Семей медицина университетінің студенттері Тәжікстанда ЖИ-жобаларын таныстырды

«Семей медицина университеті» КеАҚ Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан медицинасы күндері аясында ғылым және білім беру бағытында бірқатар іс-шара өткізді. Атап айтқанда, медициналық білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы заманауи технологияларға арналған мастер-кластар ұйымдастырылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетіне барған делегация сапары барысында СМУ студенттерінің цифрлық денсаулық сақтау және жасанды интеллект саласындағы инновациялық әзірлемелері таныстырылды.

Жобалар медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Сәуле Орынғазықызы Рахыжанованың жетекшілігімен әзірленген.

Іс-шара барысында университет студенттері өз стартап-жобаларын таныстырды. Атап айтқанда, «Онкология» мамандығы бойынша резидент дәрігер Ақылбеков Бақытбек, «Медицина» мамандығының 4-курс студенті Калиев Сернад және «Стоматология» мамандығының 3-курс студенті Акимова Аделия заманауи медицинадағы жасанды интеллект бағытындағы әзірлемелері туралы айтып берді.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын СМУ симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының меңгерушісі Ж.И. Смағұлова өткізген «XXI ғасыр дәрігерін даярлаудағы симуляциялық технологиялар» тақырыбындағы мастер-класс тудырды.

Мастер-класс барысында медициналық білім беру үдерісінде симуляциялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері көрсетілді. Сабақта Леонардо робот-симуляторы пайдаланылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.