Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында фототұзақ қоңыр аюды тіркеді, деп хабарлайды QazMonitor.
Жабайы аңдар адамды байқаған жағдайда көбіне бой тасалап үлгереді. Ал фототұзақтар орманда тәулік бойы жұмыс істеп, жануарлардың адам жоқ кездегі тіршілігін бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл жолы камера объективіне қоңыр аю іліккен.
//web.telegram.org/a/progressive/document5226793788403396286
Мұндай кадрлар қорық аумағындағы жануарларды мазаламай бақылауға, олардың мекен ету ортасындағы тіршілігі туралы дерек жинауға және табиғи популяцияларды зерттеуге мүмкіндік береді.