Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

Қазақстаннан 43 спорт түрі бойынша 152 спортшы қатысады

QazMonitor Logo
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты қырғыз елінің астанасындағы «Бішкек-Арена» стадионында өтті. Ашылу салтанатына 50 мыңнан астам адам жиналды.

Халықаралық деңгейдегі шараның ашылу салтанатын 17 елдің президенттері, сондай-ақ, жүзден аса елден келген үш мыңға жуық спортшы тамашалады.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғыз Республикасында 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы жарыс регламентінде бекітілген 43 спорт түрі бойынша 152 спортшы қатысады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көкпардан әлем чемпионы, команда капитаны Тұрғанбек Құрманбек ұстап шықты.

Қазақстанда спорт саласындағы заңнаманың жетілуі аясында 11 ұлттық спорт түрі олимпиадалық спортпен теңестіріліп, басым спорт түріне кірген болатын. Олар – қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, бәйге, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек.

Ойындар бағдарламасындағы 43 спорт түрінен жарыстар Шолпан-Ата қаласындағы 3 спорттық кешенде және Қыршын жайлауында 1 қыркүйектен басталады.

Ойындардың бағдарламасына сәйкес көкпар, көкбөрі, қазақ күресі және де басқа спорт түрлері Qazsport арнасы арқылы тікелей көрсетіледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.