Қазақстанда «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын әзірленді.
Құжатқа сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай көрсеткіштерді белгілеу көзделіп отыр:
• ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге (өзгеріссіз);
• айлық есептік көрсеткіш – 4 693 теңге (2026 жылы – 4 325 теңге);
• мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 38 622 теңге (2026 жылы – 35 596 теңге);
• ең төменгі зейнетақы мөлшері – 74 919 теңге (2026 жылы – 69 049 теңге);
• базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 55 173 теңге (2026 жылы – 50 851 теңге).
Заң жобасында жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерін 8,5%-ға арттыру ескеріле отырып қарастырылған.
Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет аударатын жарналардың мөлшерін мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 2,2%-ы деңгейінде белгілеу ұсынылады. Биыл бұл көрсеткіш 2%-ды құрайды.
Жоба 5 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауы үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.