Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қарағанды облысында оқушылар мен студенттерге үздік бизнес-идеясы үшін 1 млн теңге беріледі

Қарағанды облысында оқушылар мен студенттерге үздік бизнес-идеясы үшін 1 млн теңге беріледі

Байқауға 18 жасқа дейінгі жастар қатыса алады

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Қарағанды облысының оқушылары мен колледж студенттері 1 млн теңге жүлде үшін бақ сынай алады. Өңірде Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі бастамашылық еткен бизнес-идеялар байқауы екінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға өтінімдер 22 қыркүйекке дейін қабылданады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Байқауға 18 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Қатысушылар өз идеясын төрт бағыттың бірі бойынша ұсынуы қажет: агроөнеркәсіптік кешен және қайта өңдеу, IT және жасанды интеллект, робототехника, экология және өңдеу өнеркәсібі.

Алдымен сарапшылар үздік 20 жобаны іріктеп алады. Ал финалға өткен қатысушылар өз идеяларын байқау комиссиясының алдында жеке қорғайды.Жеңімпаздар саны – төртеу, әр бағыт бойынша бір жеңімпаз анықталады. Олардың әрқайсысына 1 млн теңгеден беріледі. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 млн теңге.

Өтінім мен жобаның сипаттамасын zh.bektursunova@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет. Байқау қорытындысы 29 қазанда Кәсіпкерлер күніне орай жарияланады.

Байқаудың ережесі мен толық ақпарат Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Telegram-арнасында қолжетімді: https://t.me/business_karaganda.

Байланыс телефоны: 8 701 925 05 77.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.