Астанада Өндіріс көшесінде салмақ өлшейтін датчиктерді орнатуға арналған асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жұмыс ұзындығы 200 метр болатын учаскеде атқарылады. Осыған байланысты 8-11 қыркүйек аралығында аталған бөлікте көлік қозғалысы толық тоқтатылады.
Жол жөндеу жұмыстары түнгі уақытта — 20:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындарға келетін қолайсыздықты азайту үшін учаскеде уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.