Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада креативті индустрия өкілдеріне арналған бағдарлама жұмысын бастады

Астанада креативті индустрия өкілдеріне арналған бағдарлама жұмысын бастады

Бағдарлама кәсіпкерлерге, креаторлар мен шығармашылық командаларға жобаларын дамытуға және масштабтауға қажетті практикалық құралдарды ұсынады

QazMonitor Logo
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

«Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры MOST Business Intelligence компаниясымен бірлесіп, креативті индустриялар мен технологиялар саласындағы жобаларын дамытып жүрген кәсіпкерлерге, креаторлар мен шығармашылық командаларға арналған практикалық акселерациялық бағдарламаны іске қосады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Акселерация екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең аясында Алматыда 21 қыркүйекте, Шымкентте 5 қазанда және Астанада 19 қазанда өңірлік буткемптер өтеді. Бағдарламаның екінші кезеңі Астанада ұйымдастырылып, 7 күндік офлайн менторлық сессия форматында өтеді.

Бағдарлама төрт бағытты қамтиды: аудиовизуалдық өнер, музыка және сахна, визуалды және қолданбалы өнер, әдебиет, медиа және жасанды интеллект.

Creative Shift бағдарламасы кәсіпкерлерге, креаторлар мен шығармашылық командаларға жобаларын дамытуға және масштабтауға қажетті практикалық құралдарды ұсынады. Оның аясында бизнес-модель құру, монетизация, ілгерілету, жасанды интеллект, дистрибуция және инвестиция тарту бағыттары қарастырылады.

Бағдарламаға қатысу шарттары мен өтінім беру тәртібі «Қолдау шаралары» бөлімінде қолжетімді. Қатысу үшін QazaqCreative платформасында тіркелу қажет.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.