Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті

Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті

Алаяқтар мемлекеттік органдардың атын жамылуда

QazMonitor Logo
Фото: ҚМА
Фото: ҚМА

Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың ведомство атынан жалған ресми хаттар таратуы әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.

Агенттікке осындай жалған хат таратудың тағы бір дерегі туралы ақпарат келіп түскен. Мемлекеттік органға жолданған хатта қаскөйлер тексеру жүргізіліп жатқанын алға тартып, азамат туралы мәліметтерді, соның ішінде оның мінездемесі мен өзге де ақпаратты сұратқан.

Бұған дейін де алаяқтар осыған ұқсас тәсілді қолданған. Олар жалған хаттарды жібергеннен кейін азаматтарға телефон немесе мессенджер арқылы хабарласып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырған. Түрлі сылтаумен азаматтардың жеке және банк деректерін алуға тырысқан немесе ақша бопсалаған.

ҚМА ескертеді

- Агенттіктің ресми хаттары тек белгіленген тәртіппен жолданады;

- ҚМА қызметкерлері телефон арқылы банк шоттарының деректерін беруді немесе ақша аударуды талап етпейді;

- құжатта логотип, мөр немесе қолтаңба бар екеніне ғана сүйеніп, оған сенуге болмайды;

- күмәнді хат алсаңыз, оның шынайылығын Агенттіктің ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіз.

Бейтаныс адамдарға жеке және банк деректеріңізді бермеңіз, олардың нұсқауымен ақша аудармаңыз.

Күмән туындаған жағдайда ҚМА-нің 1458 нөмірлі Call-орталығына немесе +7 (7172) 70-84-79 телефоны арқылы Кезекші бөлімге хабарласыңыз.

ҚМА азаматтар мен ұйымдарды сақ болуға және алаяқтардың айласына түспеуге шақырады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.