Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда вандализм үшін жауапкершілік күшейтіледі

Қазақстанда вандализм үшін жауапкершілік күшейтіледі

Сонымен қатар есірткі граффитіне толық тыйым салынбақ

QazMonitor Logo
cottonbro studio / pexels
cottonbro studio / pexels

Қазақстан үкімет вандализм мен қоғамдық кеңістіктердің бүлінуіне жол бермеу шараларды күшейтеді. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен кеңесте айтылды.

ІІМ вандализм фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдауда. Мәдени мұра ескерткіштері мен табиғи нысандарды бүлдіргені үшін 11 қылмыстық іс тергелді. Еріктілермен бірлесіп есірткі граффитиі деп аталатын 80 мың сурет пен жазу өшірілді. Есірткіні насихаттағаны және жарнамалағаны үшін 81 қылмыстық іс қозғалды, 19 адам сотталды.

«Есірткіге жол жоқ» цифрлық сервисі аясында азаматтар полицияға 150 құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлады. Сондай-ақ нысандарға жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы мониторинг жүргізіледі.

Ішкі істер министрлігі осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Атап айтқанда, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға жазулар мен суреттер салуға тыйым енгізіп, бұл талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастыру ұсынылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.