Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада темір жол вокзалы төңірегіндегі граффитилер тазартылды

Астанада темір жол вокзалы төңірегіндегі граффитилер тазартылды

Сарайшық ауданында рұқсатсыз жазбалар салынған қабырғалар мен бағандар қалпына келтірілді

QazMonitor Logo
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астананың Сарайшық ауданында «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңындағы қоғамдық кеңістіктер рұқсатсыз салынған граффитиден тазартылды. Іс-шараға аудан әкімдігі мен полиция басқармасының өкілдері, қоғам белсенділері және волонтерлер қатысты, деп хабарлайды QazMonitor. 

Сарайшық ауданы әкімдігінің мәліметінше, мұндай жұмыстар «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» шаралары аясында апта сайын өткізіледі. Қабырғаларға рұқсатсыз жазба жазу, мүлікті бүлдіру немесе есірткіге қатысты белгілер анықталған жағдайда, бұл туралы полицияға хабарланып, оларды жою және нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

«Сарайшық жаңадан құрылған аудан болғандықтан, мұндай жағдайлар жиі кездеспейді. Дегенмен бүгін «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңындағы «Тұрсын Астана 1» аумағында анықталған граффитилерді тазартып, қабырғалар мен бағандарды қалпына келтіруге атсалысып отырмыз», – деді Сарайшық ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Айтпайұлы.

Полиция өкілдері рұқсатсыз граффити мен вандализмге қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қоғамдық мүлікті бүлдірген адамдарды анықтауға күш салып жатыр.

Сарайшық ауданы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы орынбасары Дипломбек Балташевтың айтуынша, қоғамдық орындарды рұқсатсыз шимайлағандарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 4-бөлігі бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе әкімшілік қамақ қарастырылған.

«Наркограффити» жағдайында құқық бұзушылықтың сипатына қарай тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін. Вандализм үшін де әкімшілік жауапкершілік көзделген. Полиция өкілінің айтуынша, қоғамдық орындарда аялдамаларды бұзу, орындықтарды сындыру сияқты құқық бұзушылықтар кездеседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, рұқсатсыз граффитиді тазарту және қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіру жұмыстары жалғасады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.