Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістанда пластик ыдыстар мен полиэтилен пакеттерін шығаратын зауыт ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 05 желтоқсан, 2025 | 12:07
1 минут - оқу уақыты

Түркістанда пластик ыдыстар мен полиэтилен пакеттерін шығаратын зауыт ашылды

Жобаға жеке инвестор 4 млрд теңге қаржы салған

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймағында орамдағы полиэтилен пакеттері мен желім (пластик) ыдыстарын шығаратын зауыт іске қосылды. Кәсіпорынның ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, нысанды аралап көрді.

Жобаға жеке инвестор 4 млрд теңге инвестиция салып, жүзеге асырып жатыр.

«Қазір полиэтилен пакеттері мен бір рет қолданылатын пластикалық ыдыстарға деген сұраныс жоғары. Сондықтан бұл зауыт ішкі нарықты сапалы отандық өніммен толықтырып қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттыруға да жол ашады», деді облыс басшысы Н. Көшеров.

Жаңа зауытта 30-дан аса жаңа жұмыс орны ашылды.

Айта кетейік, биылғы 10 айда облыстың негізгі капиталына 1 178,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Ал шетелдік инвестициялар көлемі 543,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Облыста 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 111 инвестжобалар пулы қалыптасқан. Жобалар толық іске асқан жағдайда 23 915 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.