Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша туризм саласы тұрақты дамып, инвестициялық белсенділіктің артқан. Жеке секторларда және бірқатар өңірде инвестицияның өсуі бизнес тарапынан туристік жобалар мен инфрақұрылымға қызығушылықтың артып келе жатқанын байқатты.
Қазан айының қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға бағытталған инвестиция 923 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,1%-ға өсті. Салалық мониторингке орналастыру, тамақтану, өнер, ойын-сауық, демалыс, көлік қызметтері, мәдениет нысандары, спорт инфрақұрылымы, жалға беру қызметтері және туроператорлық қызмет, жалпы алғанда 14 экономикалық қызмет түрі кіреді.
Өңірлер бойынша Атырау (118,4%) және Қызылорда облыстарында (88%), сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында (60,2% және 60,6%) жоғары өсім байқалды. Түркістан, Ұлытау және Абай облыстарында да ілгерлеу бар.
Жалпы деректер туризм инфрақұрылымын дамытуға және саланың әлеуетін арттыруға деген қызығушылықтың жалғасып отырғанын көрсетеді. Негізгі бағыттардағы инвестицияның өсуі туризм саласының оң тенденцияларын бекітіп, оның әрі қарай дамуына негіз болады.
Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі