Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 08 желтоқсан, 2025 | 16:38
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр

Елде 69 гидротехникалық нысан жөнделіп жатыр

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанда 69 гидротехникалық нысанда меншік иелері реконструкция, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов су нысандарын қорғау шаралары, заңсыз су алу фактілерімен күрес нәтижелері және су тасқынына қарсы іс-шаралар жөнінде айтты.

Комитеттің бассейндік су инспекциялары гидротехникалық нысан иелеріне су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін қажетті іс-шараларды жүргізу бойынша ұсыныстар беріп жатыр. Бұған реконструкция, жөндеу жұмыстары және құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған жобалық-сметалық құжат әзірлеу де кіреді.

«Қазіргі уақытта 69 гидротехникалық нысанда меншік иелері реконструкция, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Абай облысындағы Шар су қоймасында және Шымкент қаласындағы Ақжар су қоймасында күрделі жөндеу аяқталды. Ақтөбе, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында 24 нысан жөнделді», делінген министрлік ақпаратында.

2025 жылғы вегетация кезеңінің қорытындысы көрсеткендей, ел бойынша жалпы 1,2 млн гектар егістік алқап суарылып, су алу көлемі 11 млрд текше метрден асқан. Бұл көлемнің 98%-ы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарына тиесілі. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар министрлік жыл басынан бері судың «қара нарығымен» күрес мақсатында істеліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Мәселен, бассейндік су инспекциялары 463 тексеріс жүргізіп, оның нәтижесінде заңбұзушылықты жою бойынша 143 нұсқама берілген. Сондай-ақ барлығы 801 әкімшілік айыппұл салған, оның ішінде 346-сына өз бетімен су пайдаланғаны үшін салынды.

Министрлік бұдан бөлек 2025-2027 жылдарға арналған елді мекендерге жақын орналасқан өзендердің су тасқыны қаупі жоғары учаскелерін қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіткен. Тазалау және тереңдету үшін Қазақстанның он облысында жалпы ұзындығы 815 шақырым болатын 51 өзен мен бір көлдің учаскелері айқындалды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.