Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі қайта өңдеу мақсатында әкелінетін тауарлар тізбесін бекітті. Бұл тізімге кіретін өнімдерді импорттау кезінде кәсіпорындар қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуді кейінге қалдыра алады.
Құжат сонымен қатар Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағына сәйкес, осындай жеңілдікке құқығы бар салық төлеушілер санатын айқындайды.
Айта кетейік, тізбе Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін тауарларға қолданылмайды.
Тізімге Қазақстанда өндірілмейтін немесе ішкі нарықты толық қамтамасыз етпейтін, бірақ қайта өңдеу саласы үшін маңызды тауарлар енгізілген. Бұл шешім өңдеу өнеркәсібінің қажетті шикізат пен компоненттерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру механизмінің арқасында кәсіпорындар импорт кезінде айналым қаражатын ұстап қалмай, өз қаржылық тұрақтылығын сақтай алады.
Кейінге қалдыру тәртібі мен мерзімін салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Дереккөз: ҚР Ұлттық экономика министрлігі