Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 149,6 млрд теңгеге өтінім қабылданды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 10 желтоқсан, 2025 | 16:50
1 минут - оқу уақыты

«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 149,6 млрд теңгеге өтінім қабылданды

Бағдарлама көктемгі егіс жұмыстарына ерте дайындыққа мүмкіндік береді

QazMonitor Logo
Freepik
Freepik

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау және қолдау шараларын жетілдіру үшін биыл «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 1 қазанда басталды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 149,6 млрд теңгені құрайтын мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің тізімі жасалды.

Ерте қаржыландыру аграрлық сала өкілдеріне алдағы жылғы ауыл шаруашылығы маусымына тиімді дайындалуға мүмкіндік береді. Шаруалар жанар-жағармайды тиімді бағамен алып, ауыл шаруашылығы техникасын жөндейді, тыңайтқыш пен қажетті тұқым қорын жасақтайды. Осы кезеңде қаржылық ресурстарға қолжетімділік егіс науқанын табысты жүргізудің негізгі шарттарының бірі болып саналады.

Аталмыш бағдарламада жылдық 5 пайызбен жеңілдікпен сыйақы мөлшерлемесі қарастырылған.  Кепілмен қамтамасыз ету мәселесінде қиындықтарға тап болған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін кепілдік беру мүмкіндігі бар. Қарыз сомасының 85 пайызына дейін «Даму» қорының кепілдігі ұсынылады. Қаржыландыру Аграрлық несие корпорациясының филиалдары және серіктес қаржы институттары арқылы жүзеге асырылады.

Аграрлық несие корпорациясының кешенді тәсілі аймақтарға қарамастан шаруаларға қолдау көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл аграрлық сектордың тұрақтылығын арттыруға және маусымдық дала жұмыстарын уақытылы жүргізуге ықпал етпек.

Дереккөз: ҚР АШМ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.