Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қайтарылған активтерден Жамбыл облысын сумен жабдықтауға 15 млрд теңге бөлінді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 11 желтоқсан, 2025 | 09:56
1 минут - оқу уақыты

Қайтарылған активтерден Жамбыл облысын сумен жабдықтауға 15 млрд теңге бөлінді

Бүгінде төрт нысан салынып, пайдалануға берілді

QazMonitor Logo
telegram / KZgovernment
telegram / KZgovernment

Арнаулы мемлекеттік қордан Жамбыл облысында ауылдарын сумен жабдықтаудың 12 жобасы қаржыландырылады. Үкімет ол үшін 15,4 млрд теңге бөлді. Бүгінде 4 нысан пайдалануға берілді, қалған 8 нысандағы құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қазіргі күні Жамбыл ауданында Қызылшарық, Жаңаөткел және Жұма ауылдарында жұмыстар аяқталды. 300-ден астам адам тұратын Талас ауданы Қараой ауылында су құбыры іске қосылды. Бұрын ол жерде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған. Жобаның жалпы құны 933,4 млн теңгені құрады, оның 106,7 млн теңгесі тікелей арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді.

«Осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған 8 нысанда жұмыс жалғасуда. Бұл облыстың шалғай аудандарындағы жобалар. Мәселен, Мойынқұм ауданында Шығанақ, Мыңарал және Құмөзек стансаларында, сондай-ақ Мойынқұм, Биназар және Бірлік ауылдарында желілер реконструкциялануда. Сарысу ауданында су құбырын реконструкциялау Жайылма және Маятас ауылдарын қамтиды, ал Қордай ауданында Қарасай батыр ауылында желілер құрылысы жүріп жатыр», делінген Үкімет таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар өңірде сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жүйелі негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңір қалаларында қамтамасыз ету — 98%-ды, ауылдық елді мекендерде – 99,3%-ды құрайды. Жамбыл облысында барлығы 23 сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда, оның 13-і пайдалануға берілді.

Жалпы, Қазақстан бойынша елді мекендерді толық қамту үшін биыл республикалық бюджеттен 257 жобаны жүзеге асыруға 105,7 млрд теңге бөлінді. Сумен жабдықтау саласындағы тағы 229 жобаны жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қосымша 135,8 млрд теңге бөлінген болатын.

Дереккөз: Үкімет

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.