Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын бірлесе дамытуға уағдаласты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 11 желтоқсан, 2025 | 15:07
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын бірлесе дамытуға уағдаласты

Тараптар инфрақұрылымдық жобалар мен қалалық дамуда кең ауқымды серіктестік мүмкіндіктерін қарастырды

QazMonitor Logo
Telegram / UKIMET
Telegram / UKIMET

Астанада Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясы (KIND) президенті және бас директоры Ким Пок-хванмен кездесу өткізді. Бұл келіссөздер қазан айында Сеулде өткен «Alatau Rise with Kazakhstan» роуд-шоуында басталған диалогтың жалғасы болды. Аталған іс-шара барысында қазақстандық тарап Alatau Smart City жобасын елдің стратегиялық маңызды бастамаларының бірі ретінде таныстырған болатын.

Кездесуде Қанат Бозымбаев кореялық тараппен әріптестіктің маңызын атап өтті.

«Көптеген корей компаниялары біздің келешегі зор Alatau Smart City жобамызды қолдады, бұл бізді қуантады. KIND инфрақұрылымдық құрылыс жобаларына, соның ішінде энергетика, сумен жабдықтау, су тазарту, сарқынды суларды өңдеу және су бұру, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағыттарындағы жобаларға EPC-келісімшарттары немесе девелопмент форматы бойынша қатыса алады», — деді ол.

Тараптар сондай-ақ логистика және порт инфрақұрылымы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Қолда бар ынтымақтастық әлеуетін назарға ала отырып, вице-премьер KIND басшысына Қазақстанда корпорация кеңсесін ашуды ұсынды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Alatau City Authority» мемлекеттік қоры және Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясы Alatau Smart City жобасын дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Дереккөз: ҚР Үкіметі

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.