2025 жылғы қарашада елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 973 мәміле тіркелді. Бұл көрсеткіш қазан айындағы 41 259 мәмілемен салыстырғанда 3,1%-ға төмендеді. Оның ішінде 8 751 мәміле жеке тұрғын үйлерге, 31 222 келісім көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге тиесілі.
Ұлттық статистика бюросы талдауына сәйкес, мәмілелер саны бойынша Астана (8 861 – 22,2%) және Алматы (7 443 – 18,6%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 731 – 6,8%) көш бастап тұр. Ең аз мәміле Ұлытау облысында жасалған – 339 (0,8%).
Қарашада бірқатар өңірде, атап айтқанда Қызылорда облысы +19,7%, Қостанай облысы +19,5%. Жетісу облысында +14,2% өсім байқалды. Ал Маңғыстау облысы -17,7%, Ақмола облысы -15,2%, Атырау облысы -12,7% төмен көрсеткіштерді көрсетті.
Сонымен қатар қарашада көппәтерлі үйлердегі мәмілелер бір айда 4,1%-ға (1 320 мәмілеге) азайған. Барлығы 31 222 мәміле жасалған, бұл жалпы көрсеткіштің 78,1%-ын құрайды. Пәтерлер саудасының ең жоғары үлесі: Астана 27,9%, Алматы 21,9% мен Қарағанды облысында 7,3% тіркелді.
«Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың қараша айында олар бойынша 11 888 мәміле ресімделген», деді Ұлттық статистика бюросында.
Сондай-ақ елде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны бір айда 0,4%-ға (34 мәмілеге) артты. Қарашада 8 751 жеке үйге қатысты мәміле жасалды. Қызылорда облысы +33,6%, Жетісу облысы +25,4%, Абай облысында +11,3% ең көп өсім тіркелді.
Өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны 1,4%-ға артқан (2024 жылы 39 421 мәміле).
«Бір жылда (2025 жылғы қараша 2024 жылғы қарашаға) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 15,5%, қайталама нарықта пәтерлерді қайта сату бағалары 14,3% жоғарылады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 11,9% өсті», деп қосты бюрода.
Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізетінін еске салды. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктелген байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.
Дереккөз: Статбюро