Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қоғамдық кеңес Алматының бас жоспарына енгізілетін өзгерістерді талқылады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 желтоқсан, 2025 | 13:12
1 минут - оқу уақыты

Қоғамдық кеңес Алматының бас жоспарына енгізілетін өзгерістерді талқылады

2030 жылы қалада 107,5 мың оқушы орны қажет болады

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына түзетулер енгізіледі. Қоғамдық кеңес пен мәслихат депутаттары енгізілетін жаңашылдықтарды талқылады.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың айтуынша, бұл ұсыныстар жобаны кең көлемде қоғамдық талқылауға шығаруда маңызды рөл атқарады.

«Жобаның қоғамдық талқылауы биыл 24–26 желтоқсан аралығында өтеді. Біздің ортақ міндетіміз — қала дамуының мүддесі мен стратегиялық бағыттарын айқын көрсететін, жан-жақты әрі сапалы пысықталған құжатты ұсыну. Алдымызда ұсынылған жобаны талқылаудың барынша ашық, инклюзивті және кәсіби үдерісін қамтамасыз ету міндеті тұр», деді Бейбіт Шаханов.

Мәслихаттың құрылыс, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі комиссиясының төрағасы Дәурен Маралов халық санының өсуі әлеуметтік инфрақұрылымды едәуір күшейтуді талап ететінін атап өтті. 2030 жылға дейін 107,5 мың оқушы орны, 101,5 мың балабақша орны, 1,2 млн шаршы метр медициналық нысандар, сондай-ақ мәдениет, сауда және өрт қауіпсіздігі объектілерінің дамыған желісін салу қажет.

«Полиорталықтарды дамыту ерекше маңызға ие. Бұл көші-қонды азайтып, экономикалық белсенділікті қайта бөлуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда күн сайын орталыққа шамамен 600 мың сапар жасалады. Полиорталықтарды қалыптастыру көлік жүйесіне түсетін жүктемені азайтып, өмір сапасын арттыруға жол ашады. Осы тұрғыда Бас жоспарды түзету — формальдылық емес, қала үшін аса қажетті қадам. Бұл жұмысты қолдаймын және оны қаланың болашағы үшін стратегиялық маңызы бар деп есептеймін», деді ол. 

Қоғамдық кеңестің төрағасы Махамбет Хасенов құжат мегаполистің негізгі экологиялық міндеттеріне толық жауап береді деп есептейді. Түзету жасыл аймақтардың аумағын үш еседен аса ұлғайтып, 3 800 гектарға дейін жеткізуді көздейді. Бұл жаңа орман мен саябақтар салуды, өзен аңғарларын қорғауды және қаланың біртұтас экологиялық құрылымын қалыптастыруды қамтиды.

«Сонымен қатар құрылыс тығыздығын төмендетуге ерекше көңіл бөлінген: бұрынғы гектарына 330 адам нормативінің орнына шамамен 260 адам деңгейі қарастырылып отыр. Бұл инфрақұрылымның шамадан тыс жүктелуінің алдын алып, көлікке түсетін қысымды азайтып, шағынклиматты жақсартуға мүмкіндік береді. Аталған жайттардың барлығы жобаның уақытылы, негізді әрі алматылықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталғанын көрсетеді», деді кеңес төрағасы.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.