Шығыс Қазақстан облысында 21 әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы өңірдің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Мұқатаев баспасөз жиынында мәлімдеді.
Білім беру саласында негізгі жобалар қатарында Риддер қаласындағы 600 орындық мектеп бар. Құрылыстың дайындық деңгейі 35%, 2026 жылдың шілдесінде аяқталады деп жоспарланған. Жарсу ауылындағы мектептің спорт кешені 98% дайын және 2025 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілмек.
Денсаулық сақтау саласында Өскемен қаласындағы Гематология орталығы 90% дайын, ал Риддердегі көпбейінді аурухана 98% әзір тұр. Сондай-ақ Қаратал мен басқа аудандарда дәрігерлік амбулаториялар мен Ана мен бала орталығын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. МРТ ғимараты да 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр.
Ауылдық жерлердегі бес спорт нысанының құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Жалпы, биылғы жылдың желтоқсанында 8 нысан толық пайдалануға беріледі. Олардың ішінде Жарсудағы спорт кешені, Волчанка мен Ахмердегі амбулаториялар, Риддердегі аурухана кешені және үш ауылдағы спорт нысандары бар.
Дереккөз: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі