Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Арзандатылған сиыр етін ел бойынша сатуды кеңейту қажет – Премьер-министр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 17 желтоқсан, 2025 | 11:50
1 мин. - оқу уақыты

Арзандатылған сиыр етін ел бойынша сатуды кеңейту қажет – Премьер-министр

Үкімет басшысы Олжас Бектенов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімін кеңейтуді жеделдетуді тапсырды

QazMonitor Logo
Telegram / UKIMET
Telegram / UKIMET

Олжас Бектенов салалық ведомстволар мен әкімдіктерге ет өнімдерінің бағасын тежеу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Премьер-министр атап өткендей, азық-түлік инфляциясын төмендетуде ет және ет өнімдерінің бағасы маңызды болып табылады.

«Азық-түлік инфляциясының өсуіне ет және ет өнімдері бағасының үлесін ескере отырып, Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер аталған өнімдердің бағасын тежеуге ерекше назар аударуы қажет. Сонымен қатар Астана қаласындағыдай, арзандатылған сиыр етін ірі сауда желілері арқылы сату тәжірибесін бүкіл ел аумағында кеңінен қолданған жөн», — деп атап өтті Премьер-министр

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жаңартылған тізіміне қызанақ, қияр, алма, сүйегі бар және сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, сүйегі бар қой еті, балғын немесе салқындатылған балық, мұздатылған балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік және қара шай енгізілді.

Сауда және интеграция министрлігі жаңа тізімді талқылауға шығарған болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.