Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда скринингтің жаңа түрлері пайда болады

Қазақстанда скринингтің жаңа түрлері пайда болады

ДСМ бұл қатерлік ісікті ерте анықтауға көмектеседі деп есептейді

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстандықтар енді жаңа скринингтен өтетін болады. Денсаулық сақтау министрлігі скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтар, көлеміне және кезеңділігіне түзетулер енгізеді.

Министрлік скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі.

«Бұйрық жобасы қолданыстағы скрининг түрлерін өкпе қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтауға арналған жаңа скринингпен толықтыру; қолданыстағы В және С вирустық гепатиттерді ерте анықтау бойынша нысаналы топ кеңейтілді», делінген құжатта.

Ведомство енгізілетін өзгерістер онкологиялық ауруларды, бірінші кезекте өкпе қатерлі ісігін ерте анықтау тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Бұл нысаналы топтарды нақтылау және скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібін жетілдіру арқылы іске асырылады. Бұйрықты іске асыру профилактикалық тексерулердің қамтылуын арттыруға, ауруларды ерте анықтау үлесін көбейтуге, сондай-ақ нысаналы жас және қауіп топтарында асқыну мен өлім көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік береді», делінген жобада.

Осылайша министрлік скринингтің қолжетімділігі мен уақтылығын жақсарту, хабардарлықты және маршрутизация сапасын арттыруды көздеп отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.