Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. ШҚО-да Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік диалог орталығы ашылды

ШҚО-да Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік диалог орталығы ашылды

Жаңа орталық жұмысшылар, жұмыс берушілер, жергілікті атқарушы органдар мен кәсіподақтар арасындағы өзара келісімді нығайтуға бағытталған

QazMonitor Logo
ШҚО әкімдігі
ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында еліміз бойынша алғаш рет әлеуметтік диалог орталығы өз жұмысын бастады. Жаңа алаң жұмысшылар, жұмыс берушілер, жергілікті атқарушы органдар мен кәсіподақ ұйымдары арасындағы өзара келісімді нығайтуға бағытталған.

Облыс  аумағында 15 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді, онда 191 мыңнан астам адам еңбек етеді. Осыған байланысты еңбек қатынастарын дамыту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылар үшін қолайлы жағдай жасау – негізгі басымдықтардың бірі.

«Әлеуметтік диалог орталығы аясында түрлі тақырыптар талқыланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары қарастырылады. Бұл – өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды қадам», – деді ашылу рәсімінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Әлеуметтік диалог орталығының басшысы болып Тамара Рахымжанова тағайындалды. Ол бұған дейін ШҚО «Жұмыс берушілер қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Дереккөз: ШҚО әкімдігі

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.