Соңғы екі жылда Қазақстанда заңсыз шығарылған 1,3 трлн теңгеге мүлік пен қаржы күйіндегі актив ретінде мемлекетке қайтарылды.
Ведомство мәліметінше, бұл қаржыға ел аумағында 434 әлеуметтік нысан салынды. Бүгінде оның 150-ден астамы пайдалануға берілді. Оның ішінде медициналық нысан, сумен қамтамасыз ету нысаны, спорт кешені мен білім беру ұйымы бар.
«Олигополия субъектілерімен жалпы сомасы 5,2 трлн теңгені құрайтын инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру жөнінде келісімдер жасалды», делінген Бас прокуратрураның 2025 жылғы жұмысын қорытындылауға арналған алқа отырысынан соң таратқан ақпаратында.
Сонымен қатар биыл Активтерді қайтару комитеті Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта құрылды.
«Комитет отандық және шетелдік, ірі және орта инвесторлар үшін -экономикамызды дамытуға қаржы, технология және тәжірибе салып отырған әрбір инвестор үшін жүйелі құқықтық қалқанға айналуы тиіс. Мемлекеттің кепілдіктерімен қатар, инвесторлар да өздеріне алған міндеттемелерді - жобаларды іске асыру, жұмыс орындарын құру және экономиканың нақты секторына үлес қосу жөніндегі міндеттерді адал орындауға тиіс», деді Бас Прокурор Берік Асылов.
Бұл комитетке инвесторлардың құқығын қорғап, инвестициялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.
Дереккөз: Бас прокуратура