Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. 2025 жылы 2,7 млн бала мен ата-ана қолдау шараларымен қамтылды

2025 жылы 2,7 млн бала мен ата-ана қолдау шараларымен қамтылды

Елімізде балаларға қатысты қылмыстар азайып, профилактика мен антибуллингтік жұмыс күшейтілді

QazMonitor Logo
Freepik
Freepik

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылы Қазақстанда балаларға қатысты құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтілді. Негізгі назар тәуекелдерді ерте анықтауға және заңға қайшы әрекеттердің алдын алуға бағытталды.

Жыл басынан бері профилактикалық бағдарламалар арқылы 2,7 миллион бала, ата-ана және педагог қамтылды. Нәтижесінде, 11 айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар саны 2,3 пайызға, ал жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар 17,9 пайызға азайды.

Оқу жылының басынан бері білім беру ұйымдарында «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында 1,4 миллионнан астам сабақ өткізілді. Психологиялық қолдау орталықтары 35 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетіп, «111» байланыс орталығы арқылы шамамен 120 мың балаға қолдау көрсетілді.

Ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау орталықтары 33 мыңнан астам сабақ өткізіп, 1,1 миллионнан астам ата-ана консультациялық көмек алды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептер мен колледждерде «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы енгізілді.

Буллинг пен зорлық-зомбылықты ерте анықтаудың бірыңғай алгоритмі 3 мыңнан астам балаға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік берді. 2025 жылы алдын алу бағытында 17 мыңнан астам педагог оқытудан өтті. Ал буллинг пен кибербуллинг үшін әкімшілік жауапкершілік аясында жыл басынан бері 404 іс тіркелді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.