Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. 1 800 сертификат иесі Отандық өндірушілер тізіліміне көшірілді

1 800 сертификат иесі Отандық өндірушілер тізіліміне көшірілді

Цифрлық платформа бюрократияны қысқартып, мемлекеттік қолдауды нақты өндірушілерге бағыттауды көздейді

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Цифрлық платформа бюрократияны қысқартып, мемлекеттік қолдауды нақты өндірушілерге бағыттауды көздейдіҚазақстанда отандық тауар өндірушілерінің тізілімін құрайтын жаңа цифрлық платформасы іске қосылды. Бүгінде барлық бизнес өкілдері e-ondiris.gov.kz сайтында қолжетімді жүйе арқылы онлайн форматта тіркеуге өтінім бере алады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, Тізілімнің бұрынғы тауар шығу тегін растау тетіктерінен басты айырмашылығы – процестердің толық цифрландырылуында болып отыр. Өтінім беру, тексеру және шешім қабылдау кезеңдерінің барлығы онлайн режимде жүзеге асырылады. Бұл ашықтықты арттырып, әрбір кезеңді бақылауға мүмкіндік береді.

Оның сөзінше, жаңа жүйе бюрократиялық рәсімдерді де айтарлықтай қысқартпақ. Платформа өзге мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланған, соның нәтижесінде құжаттар саны азайып, бизнеске түсетін әкімшілік жүктеме төмендейді. Сонымен қатар, қызмет тегін көрсетіледі және жеке аудиторлар мен сарапшыларды тарту талап етілмейді.

Министрдің мәліметінше, жаңа форматқа көшу барысында қазақстандық өндіруші мәртебесін бұрын алған 1 800-ден астам индустриялық сертификат иесі Тізілімге автоматты түрде ауыстырылған. Аталған компаниялар бір ай ішінде жүйедегі деректерін толықтырып, өтінімдерін электронды цифрлық қолтаңба арқылы растауы қажет. Қазіргі таңда платформада мыңға жуық кәсіпорын тіркеліп үлгерген.

Жалпы, Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімі мемлекеттік қолдаудың ашықтығы мен нысаналылығын күшейтуге бағытталған. Жаңа құрал арқылы қолдау шаралары нақты өндірістік қызмет жүргізіп отырған кәсіпорындарға дәл көрсетіледі.

Дереккөз: Үкімет

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.